ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 2024 жылғы талапкерлерді шақырады!

Полиция Академиясына түс!

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛҒЫҢ
КЕЛЕ МЕ?
БАЛА КЕЗІҢНЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ АРМАНДАЙСЫҢ БА?

Киім - кешек, тамақтану, тұрғылықты жер – мемлекеттік бюджет есебінен. Бұл ата-ана бюджетін үнемдеу. Ең бастысы, сен оқуға жауапкершілікпен қарап, өзіңді дамытумен және спортпен айналыссаң болды!

100% жұмысқа орналасу
Академияны бітіргеннен кейін саған бірден офицерлік атақ беріледі және сен өзіңнің жаңа ұжымына тергеуші немесе криминалист маманы болып барасың!

Оқудың артықшылықтары:
Ғылыми қызмет
Егер сен ғылымды тереңірек
игергің келсе, ғылыми мақалалар жазып, зерттегің келсе, біз саған көмектесеміз деп уәде береміз! Бізде мықты профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми-зерттеу институты бар. Сенің алдыңда ғылыми әлеуетті іске асырудың үлкен мүмкіндіктері ашылады!
Біздің көптеген курсанттарымыз Академия қабырғасында танымал спортшыларға айналуда! Мұнда сен кез-келген спорт түрінен дами аласың, біз әрқашан сенің кез-келген бастамаңды қолдаймыз және сенің жетістіктеріңе қуаныштымыз! Сонымен қатар, Академияда облыстағы ең үлкен жүзу бассейні бар! Дәл осы жерде біздің курсанттар суға батып бара жатқан адамды құтқаруды үйренеді!
СПОРТТЫҚ ДАМУ

Арманың орындалу үшін не қажет?
  • Ең алдымен, ҰБТ-ға қарқынды дайындықты баста!
    Конкурсқа қатысу үшін 50 балл жинау жеткілікті (әр пәннен кемінде 5 балл), БІРАҚ егер оқуға түсуге ниет білдірушілер көп болса (бізде 250 орын ғана), онда ҰБТ-дан жоғары балл алғандардың мүмкіндігі жоғары болады!

  • 2023 жылы ішкі істер министрінің шешімімен:
    ҰБТ-ден 100 және одан да көп балл жинаған талапкерлер және "Алтын белгі" иегерлері біздің Академияға конкурстан тыс оқуға түседі!
    Бұл керемет мотивация!!!
    Сенде ҰБТ-ны лайықты түрде тапсыру үшін алты айдан астам уақыт бар!
    Кез-келген пәнді таңдай аласың (шығармашылықтан басқа: тілдер мен әдебиеттер болмайды).
  • Маңызды сәт:
    Оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі, ал курсанттық өмірдің төрт жылы сенің қызметіңнің жалпы өтіліне есептеледі!
    Бұл керемет емес пе?!
ІІМ Қарағанды академиясы күн сайын дамып келеді
Сен жақсы техникамен жабдықталған жаңартылған аудиторияларда білім аласың.
Құжаттарды тапсыру
Егер сен IT-технологиялармен қызығатын болсаң , біз сені курсант бола тұра, жедел полиция қызметкерлерімен бірге киберқылмыспен күресуді жүзеге асыратын киберволонтерлеріміздің қатарына шақырамыз! Қазіргі таңда интернет-алаяқтардың көбейіп жатқанын көріп жүрген боларсың! Сенің дағдыларың қоғамға өте пайдалы болады!
Толығырақ білу
Құжаттар жиналып, тапсырылғаннан кейін, шілде айының ортасында Долинка кентінің оқу-далалық лагеріне келесін (Қарағанды маңы).
Мұнда тіркелгеннен кейін әскери-дәрігерлік медициналық комиссиядан өтіп, физикалық нормативтерді тапсыруға қаншалықты дайындалғаныңды көрсетуің керек.
Сонымен, кезеңдер бойынша өтейік:
Назар аудар!
1 ақпанда ІІМ Қарағанды академиясына құжаттарды
қабылдау басталады.
Тізімді мына жерден алуға болады
Осы уақытта сен тұрғылықты жерің бойынша медициналық комиссиядан өтуді бастауың керек. Құжаттарды жинағаннан кейін өтініш жіберу үшін біздің сайтқа тіркеле аласың www.kpa.gov.kz. Сондай-ақ, тағы бір нұсқа бар: полиция департаментінің кадр жұмысы бөліміне (өз қалаңдағы) ІІМ Қарағанды академиясына түсуді жоспарлап отырғаныңды хабарласаң болады. Онда олар саған жолдама беріп, әрі қарай не істеу керектігін айтады. Егер сұрақтар туындаса, осында жаз.
Аспаға (турникке) тартылу (ерлер)
1000 метр жүгіру
100 метр жүгіру
Арқаға жатып денені көтеру (пресс) (қыздар)
Ал нормативтер келесідей:
Еске салайық! Сенде әлі дайындалуға уақыт бар! Дәл қазірден жаттығуды баста!

Көріп отырғаныңдай, күрделі ештеңе жоқ, егер сұрақтарың болса, біз қуана жауап береміз. ⤵️
Мұның бәрі уақытқа тапсырылады! Сен қаншалықты жылдам, күшті және төзімді екеніңді көрсетуің керек!

Саған сәттілік тілейміз!

Міндетті түрде өз күшіңе сен, 2024 жылдың қыркүйегінде Сен өз Отаныңа, Қазақстан Республикасына адал болуға салтанатты түрде ант қабылдайсың!

Ең қызықты жылдар, салтанатты

саптық шерулер басталып, курсанттық жылдарыңдағы берік достарды табасың!

Төрт жыл бүкіл өмірің емес,

Бірақ төрт жыл өмір бойына

Курсанттық вайбты сезін, досым!

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website